
Өрт қауіпті кезеңнің басталуымен жану ошақтарының, Ертіс өзенінің жайылмасында, орман және дала алқаптарында өрттердің пайда болу жағдайларын болдырмау мақсатында жер заңнамасына және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларына сәйкес егістіктерде ауыл шаруашылығы дақылдарының аңыздық қалдықтары мен жанама өнімдерін жағуға жол берілмейтінін ескертеміз.
Жер пайдаланушылар жер учаскесінде шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаға зиян келтіруге және экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу мақсатында құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнайы талаптарды (нормаларды, ережелерді, нормативтерді) сақтауға, жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға міндетті
Атап айтқанда, ҚР Жер кодексінің 65-бабына сәйкес, жер учаскелерінің меншік иесі және жер пайдаланушы міндеттерін орындамаған жағдайда, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар жер учаскесін жалдау шартын біржақты тәртіппен бұза алады.
Тәртіп бұзушыларға ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 338, 367 және 410-баптары негізінде тиісті шаралар қолданылатын болады.
Біздің әрқайсымыз табиғатқа деген көзқарасымыз үшін жауап береміз, сондықтан оған мұқият болайық!