Сенбілік – тазалық кепілі!

Сенбілік – тазалық кепілі!

Өткен сенбіде Павлодар ауданының тұрғындары аймақтық тазалық марафоны аясында

ұйымдастырылған жаппай сенбілікке шықты.

Заря ауылында сенбілік Павлодар ауданы әкімі аппараты Жанат Шұғаевтың қатысуымен өтті. Ауылды абаттандыру бойынша жоспарланған жалпы жұмыстардан бөлек, аудан басшысы мемлекеттік қызметкерлермен және облыстық мәслихат депутаты Қайрат Әбішевпен бірлесіп жетпіс түп қарағай көшеттерін отырғызды.

Халық қалаулысы Қайрат Сансызбайұлы осы тектес шаралар таза ауада ауылдарды абаттандыруға ат салысып, бос уақытты тиімді өткізуге де жақсы мүмкіндік деп біледі.

– Сенбілікте жас ағаштарды отырғызу – бұл біздің әкелеріміз бен аталарымыздан қалған өте жақсы дәстүр. Бұл жерде ұрпақтар сабақтастығы бар, ал біз өз кезегімізде балаларымызға тамаша үлгі көрсетуге тиіспіз. Барлығымыздың бірдей тазалық шараларына қатысқанымыз өте жақсы. Әркім өз ауласын, өз көшесін, өз ауылын тазартуға қатысса, өңір тұтастай таза болады. Бұл – тамаша идея, бұл бір реттік акция емес, бір ай бойы өтетін шара. Оның үстіне, қазір қасиетті Рамазан айы өтіп жатыр, ал бұл – игі істердің жүзеге асырылу уақыты, – деп атап өтті Қайрат Сансызбайұлы.

– «Көз – қорқақ, қол – батыр» дейді ғой. Барлығымыз жабылып, іске кіріскенде жұмыс та алға басып, нәтижесін көріп көз де қуанатын болды, – деп аудан әкімдігі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы Бегайын Сағитова да оны қолдады.

Бұл күні сенбілікке аудандық Мәдениет үйі қызметкерлері де шыққан болатын.

– Егер әдемі жерде әдемі өмір сүргіміз келсе, оған өзіміз де атсалысуымыз керек. Жұмыстан тыс уақытта әріптестермен қарым-қатынасымызды жақсартып, қолымызға кетпен мен күрек ұстап бір серпіліп қалдық. Айналаны тазартқанда жан да тазарады. Сондықтан, сенбіліктердің өткізілгені өте дұрыс, – депаудандық Мәдениет үйінің директоры Сәуле Әмірова өз ойын айтты.

Ефремовка орта мектебінің ұжымы мектеп жанындағы саябақты қоқыстан тазартты. Белсенді ұстаздарға аудандық мәслихат депутаты Вера Гейнц және қоғамдық келісім кеңесінің басшысы Светлана Шин көмектесті.

Таңертеңнен бастап сенбілікке Ольгинка тұрғындары да шықты.

– Бұл күнді көктем мен еңбек мерекесі деп атайды. Балабақша ұжымынан бастап ардагерлерге дейін барлығы жұмыс істеді. Жерге деген сүйіспеншілік және қоршаған әлемге ұқыпты қарау – адамның маңызды қасиеттерінің бірі! Бүгін тыл еңбеккерлерінің аллеясы осындай мықты көшеттермен толықтырылды, оларды белсенді еріктілер Юрий Кончиков пен Надежда Шкалей тәлімгерлермен бірге отырғызды, – деп атап өтті ардагерлер кеңесінің төрайымы Лидия Луб.

Өткен сенбіде басқа округтердің тұрғындары да тиімді жұмыс жасады.Экономиканың нақты секторы бөлімінің хабарлауынша, сенбілікке жалпы 65 ұйым, 1230 адам, 25 қоғамдық қызметкер қатысты, аумақты тазалауға 43 бірлік техника бөлінді. Тұрғындар 1270 ағаш отырғызды, 1760 – ақталды.

Сенбілік кезінде төрт ғимараттың қасбеттері жөнделді, 13 ескерткіш ретке келтірілді, 70 мың шаршы метрден астам алаңда үйішілік аумақтарды санитарлық тазалау жүргізілді.Сенбілік аяқталды, бірақ барлық округтерде аумақты тазарту апта сайын жалғасады. Ауыл тұрғындары мамыр мерекелерін лайықты қарсы алуға дайындалуда.