Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жанындағы Жас сайлаушылар клубы туралы
Ереже
- Жалпы ережелер
- Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жанындағы Жас сайлаушылар клубы (бұдан әрі – Клуб) Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының (бұдан әрі – Павлодар ААСК) жанындағы консультативтік-кеңесші органы болып табылады.
Осы Ереже клуб қызметін жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
- Клуб өз қызметін жүзеге асыру кезінде Павлодар ААСК мүшелерімен, сондай-ақ өзге де органдар мен ұйымдармен, азаматтармен өзара іс-қимыл жасайды.
- Клубтың Ережесі Павлодар ААСК қаулысымен бекітіледі.
- Жас сайлаушылар клубының мақсаты мен міндеттері
- Клубты құрудың мақсаты жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру болып табылады.
- Клубтың негізгі міндеттері:
1) жас сайлаушылардың сайлау мәдениетін арттырудың тиімді жолдарын айқындау;
2) жастар арасында сайлау құқықтарын түсіндіру бойынша қазіргі заманғы тәсілдерді әзірлеу;
3) жастардың сайлау процесіне қатысуының өзекті мәселелерін қарау;
4) жас сайлаушылардың сайлау процесіне қызығушылығын арттыру.
- Жас сайлаушылар клубының құрамы мен мүшелерінің құқықтары
- Клубтың қатысушылары жас сарапшылар мен ғалымдар, өңірлік жастар ресурстық орталықтарының, коммерциялық емес қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері (келісім бойынша) бола алады.
- Клуб мүшелері Клуб отырыстарының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарға ие.
- Клуб қатысушылары құқылы:
1) Павлодар ААСК төрағасы мен мүшелеріне ұсыныстар жасауға;
2) Клуб қатысушыларының өзге пікірлерімен келіспеген жағдайда өз пікірін баяндауға құқылы, ол Клуб отырысының хаттамасына қоса тіркелуге тиіс.
- Жас сайлаушылар клубының қызметін ұйымдастыру
- Клубтың қызметі әртүрлі форматтағы отырыстар түрінде жүзеге асырылады.
- Клубтың отырыстарын Павлодар ААСК төрағасы қажеттілікке қарай, бірақ жылына кемінде екі рет шақырады және өткізеді.
- Клубтың қызметін қамтамасыз етуді, іс қағаздарын жүргізуді және отырыстарды дайындауды ұйымдастыруды жүзеге асыратын жұмыс органы Павлодар ААСК болып табылады.
- Жұмыс органы:
1) отырыстарды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмысын жүзеге асырады;
2) Клуб қатысушыларын кезекті отырыстың өтетін күні мен күн тәртібі туралы оны өткізгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді;
3) Клуб отырысы барысында хаттама, оның ішінде аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалана отырып жүргізеді.
- Қорытынды ережелер
- Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Павлодар ААСК қаулысымен енгізіледі.
- Клуб қызметі Павлодар ААСК төрағасының шешімімен тоқтатылады.