«Павлодар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Павлодар ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 4 қаңтардағы № 2/1 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта бөлім бір мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы мамандарға және ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну».
Құжаттар Баспана мар жылжымайтын мүлік порталында «otbasybank.kz/program-bank» арқылы қабылданады.
2025 жылы «Павлодар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі 72 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметкерлер жоқ.
Мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы тоқсан сайынғы есеп Павлодар ауданы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бөліміне ұсынылады.
Жыл сайын аудан әкімінің ресми сайтында сұранысқа ие мамандардың тізімі жарияланады.
2025 жылдың 9 шілдесінде өткен кезеңдерде жас мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну шарттары, мерзімі және саны туралы мәселені көтеру үшін қоғамдық кеңес өтті.
Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтерді көрсету үнемі бақылауда. Мемлекеттік қызметтер тиімді және уақтылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты қызмет алушылардан ешқандай шағым түскен жоқ.
Бөлімі басшы Г. Тулеужанова