2026 жылдың 26 наурызы күні Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округі Айтым ауылының клубында сағат 15.00 "Павлодар ауданының шағын ауылдарын дамыту туралы" тақырыбына қоғамдық тыңдаулар өтеді.
Осыған байланысты жеке тұлғалардан Павлодар ауданында шағын ауылдарын дамытуға қатысты ескертулер, өтініштер, проблемалар және ұсыныстар қабылданады.
Жоғарыда көрсетілген мәселе бойынша ұсыныстарды, ескертпелерді, өтініштерді ағымдағы жылдың 20 наурызына дейін Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесіне (Қайырбаев көшесі, 32 үй, каб. №102 немесе E-mail: gaziza.rahmet@mail.ru электрондық адреске жіберуге болады. Байланыс те. 87021332647 (ватсап).
Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесі