2025 жылғы 30 қарашада өткен Павлодар ауданы Заря, Кемеңгер, Рождественка және Чернорецк ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2025 жылғы 30 қарашада Павлодар ауданы Заря, Кемеңгер, Рождественка және Чернорецк ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы өтті.

Заря ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 1577 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 688 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 23 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 4.

Заря ауылдық округі әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Кипшакбаева Гульнара Аклтаевна үшін сайлаушылардың 10 дауысы берілді,

Линник Любовь Алексеевна үшін сайлаушылардың 2 дауысы берілді,

Солтанов Мақсат Серікұлы үшін сайлаушылардың 316 дауысы берілді,

Токина Зейнеп Зейнуллиновна үшін сайлаушылардың 337 дауысы берілді,

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 8.

Сайлау қорытындысы бойынша Заря ауылдық округі әкімі болып сайланды:

Токина Зейнеп Зейнуллиновна, 1968 жылы туған, «Павлодар ауданы Заря ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Павлодар ауданы Заря ауылының тұрғыны.

Кемеңгер ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 1860 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 1098 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс –              3 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 2.

Кемеңгер ауылдық округі әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Киреева Алия Еркеновна үшін сайлаушылардың 901 дауысы берілді,

Татенов Ермек Смагулович үшін сайлаушылардың 178 дауысы берілді,

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 5.

Сайлау қорытындысы бойынша Кемеңгер ауылдық округі әкімі болып сайланды:

Киреева Алия Еркеновна, 1980 жылы туған, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ertis» жоғары инновациялык-аграрлық колледжі» КМҚК директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Павлодар ауданы Кемеңгер ауылының тұрғыны.

Рождественка ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 1487 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 848 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 19 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

Рождественка ауылдық округі әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Каримов Нурлан Корпешевич үшін сайлаушылардың 101 дауысы берілді,

Кизатов Альхан Куатович үшін сайлаушылардың 592 дауысы берілді,

Нургожин Куаныш Тегисович үшін сайлаушылардың 128 дауысы берілді,

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 8.

Сайлау қорытындысы бойынша Рождественка ауылдық округі әкімі  болып сайланды:

Кизатов Альхан Куатович, 1992 жылы туған, Павлодар ауданы білім беру бөлімінің «Ольгинка жалпы орта білім беру мектебі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Павлодар ауданы Айтым ауылының тұрғыны.

Чернорецк ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 1715 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 877 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс –14 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

Чернорецк ауылдық округі әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Бейсекеева Анар Адаковна үшін сайлаушылардың 51 дауысы берілді,

Кабылбеков Айдархан Манапович үшін сайлаушылардың 24 дауысы берілді,

Омаров Серік Ыдырысұлы үшін сайлаушылардың 759 дауысы берілді,

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 26.

Сайлау қорытындысы бойынша Чернорецк ауылдық округі әкімі  болып сайланды:

Омаров Серік Ыдырысұлы, 1966 жылы туған, ««Строй Групп PVL» ЖШС директорының шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары, Павлодар ауданы Пресное ауылының тұрғыны.

 

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

Дата публикации
01 декабря 2025