Павлодар аудандық мәслихатының 2025 жылғы «__» ___________№ _____ «Павлодар ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешім жобасына баспасөз-релиз

Сіздердің назарларыңызға «Павлодар ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Павлодар аудандық мәслихатының 2025 жылғы «__» ___________  № _____ шешімінің жобасы ұсынылған.

 

Қазақстан Республикасы 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес, Павлодар ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпаративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 %-дан 3 %-ға төмендету мақсатында.

«Павлодар ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Павлодар аудандық маслихаты шешімінің жобасы 2025 жылғы 13 қарашадан бастап «Ашық НҚА» порталында орналасқан.

Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Дата публикации
26 ноября 2025