Қоғамдық таңдаулардың ұсынымдары іске асырылуда

2025 жылдың тамыз айында Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесі Павлодар ауданында ерекше қажеттіліктері мен даму ерекшеліктері бар балаларға медициналық және педагогикалық қызметтер көрсету туралы тақырыпқа қоғамдық тыңдаулар өткізді, оның қорытындысы бойынша Кеңес бірқатар ұсынымдар қабылдады, оның ішінде Павлодар ауданынан АСД күдікті балаларға үшін Павлодар аудандыық емханасының базасында  облыстық психика-медициналық педагогикалық комиссияның көшпелі отырыстарын ұйымдастыру.

Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын орындау мақсатында 2025 жылғы 10 қыркүйекте «Павлодар ауданының емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны базасында Ерте араласу және дамыту орталығы (ЕАДО) ашылды. Аталған бөлімше құрамында логопед қабылдауы ұйымдастырылған. Мамандар мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу дамуының бұзылыстарын анықтау және түзету жұмыстарын жүргізеді.

Сондай-ақ 2025 жылғы 13–14 қазанда емхана базасында көшпелі психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия ұйымдастырылып, өткізілді. Екі жұмыс күні ішінде дәрігерлік амбулаториялардың жолдамасы бойынша даму және мінез-құлық бұзылыстары бар 16 бала мамандардың кеңестері мен ұсынымдарын алды.

Емханада тұрақты түрде мектепке дейінгі жастағы балаларды қабылдау жүргізіледі, олардың психо-физикалық дамуы бағаланады. Сөйлеу және мінез-құлық дамуында ауытқулары бар балаларға Аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) бойынша тестілеу жүргізіледі, нәтижесінде келесі көшпелі ПМПК комиссиясына жіберілетін балалар тобы қалыптастырылады.

 

 

Дата публикации
14 ноября 2025