Павлодар аудандық мәслихатының 2025 жылғы «__» ___________ № _____ «Павлодар ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешім жобасына баспасөз-релиз

Сіздердің назарларыңызға «Павлодар ауданында бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Павлодар аудандық мәслихатының 2025 жылғы «__» ___________   

 № _____ шешімінің жобасы ұсынылған.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 726-бабына сәйкес, Павлодар ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпаративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 %-дан 3 %-ға төмендету мақсатында.

«Павлодар ауданында бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Павлодар аудандық маслихаты шешімінің жобасы 2025 жылғы 11 қарашадан бастап «Ашық НҚА» порталында орналасқан.

 

 

 

Дата публикации
13 ноября 2025