Павлодар облысы Павлодар ауданы Заря, Кемеңгер, Рождественка және Чернорецк ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
2025 жылғы 4 қарашада сағат 18.00-де Павлодар ауданы Заря, Кемеңгер, Рождественка және Чернорецк ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Заря ауылдық округі бойынша:
Барлығы 4 кандидат, барлығы - өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.
Орташа бәсекелестік – 4 адам.
Кемеңгер ауылдық округі бойынша:
Барлығы 3 кандидат, оның ішінде 1 (33 %) – саяси партиясымен, 2 (67 %) - өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.
Орташа бәсекелестік – 3 адам.
Рождественка ауылдық округі бойынша:
Барлығы 3 кандидат, оның ішінде 1 (33 %) – саяси партиясымен, 2 (67 %) - өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.
Орташа бәсекелестік – 3 адам.
Чернорецк ауылдық округі бойынша:
Барлығы 3 кандидат, оның ішінде 1 (33 %) – саяси партиясымен, 2 (67 %) - өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.
Орташа бәсекелестік – 3 адам.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2025 жылғы 9 қарашада сағат 18.00-де аяқталады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы