«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабының 2 тармағына сәйкес, Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 22 қазандағы № 47 қаулысы негізінде, Павлодар ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері құрылды:
1) Заря ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша – Заря ауылдық округінің шекараларында;
2) Кемеңгер ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша – Кемеңгер ауылдық округінің шекараларында;
3) Рождественка ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша – Рождественка ауылдық округінің шекараларында;
4) Чернорецк ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша – Чернорецк ауылдық округінің шекараларында.
Павлодар аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы