Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін белгілеу туралы қаулы жобасына баспасөз релизі

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=2512671&type=4

Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін белгілеу туралы қаулы  жобасы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 914-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 және 37-баптарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» №11-ө өкіміне сәйкес, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, сондай-ақ Павлодар ауданында қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
  2. «Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
24 сентября 2025