«Өсімдіктер карантині туралы»Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344 Заңыны сәйкес өсімдіктер карантинінің негізігі міндеттерінің бірі Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден немесе карантиндік аймақтан карантиндік объектілерді енгізуден немесе өз бетінше кіруден қорғау болып табылады.
Карантиндік объект-бұл өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одақ карантиндік объектілерінің бірыңғай тізбесіне және (немесе) карантиндік объектілер мен бөтентекті түрлердің тізбесіне енгізілген, Қазақстан Республикасының аумағында жоқ немесе шектеулі таралған, өсімдіктер мен өсімдік өнімдеріне елеүлі зиян келтіруі мүмкін өсімдіктер зиянкесі, ауруын қоздырғыш немесе арамшөп.
Қызметті Карантинге жатқызылған өнімді өндірумен, дайындаумен, қайта өңдеумен, сақтаумен,тасымалдаумен және өткізумен байланысты жеке және заңды тұлғалар егістіктерді, аумақтарды, карантинге жатқызылған өнім сақталатын қоймаларды жүйелі турде зерттеп-қарауды қамтамасыз етуге міндетті.
Экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитариялық сертификаттарынсыз карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынады, карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен залалданған карантинге жытқызылған өнім, топырақ, топырағы бар тірі тамырланған өсімдіктер ауруларын қоздырғыштар.
Карантинге жатқызылған өнімдер уәкілетті органның аумақтық бөлімшілеріберген фитосанитариялық сертификаттар болған кезде әкетуге рұқсат етіледі. Карантинге жатқызылған өнімінің иесі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерін карантинге жатқызылған өнімнің кез келген қолжетімді тәсілмен келгені туралы хабардар ететінін және карантинге жатқызылған өнімді межелі, жеткізу орнында карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшін келген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктермей ұсынатынын білу керек.
Межелі орны өзгерген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттің уәкілетті органының лауазымды адамына келуі туралы бірнеше рет (2 рет және одан көп) хабарламау немесе карантинге жатқызылған өнімді жете тексеру үшін көрсетпеу уәкілетті органнан ақпарат алғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде фитосанитариялық сертификаттарды беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Ауданның ауыл шаруашылығытауар өндірушілері мен кәсіпкерлерін Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға шақырамыз. «Өсімдіктер карантині туралы» Заңның санамаланған және басқа даталаптарын бұзу «әкімшілікқұқық бұзышылық туралы» ҚР Кодексінің 400 –бабында көзделген айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
«Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар аудандық аумақтық инспекциясы» Мемлекеттік мекемесі.