«Павлодар ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» ММ көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісіне қатысу үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау бойынша бір жыл мерзімге конкурс жариялайды

Көппәтерлі тұрғын үйді басқару бойынша қызмет көрсетуге ниет білдірген әлеуетті басқарушы компаниялар конкурс жарияланған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде экономиканың нақты секторы бөліміне мынадай құжаттарды ұсынады:

1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көппәтерлі тұрғын үйді басқаруға қатысуға өтінім;

2) құқық қабілеттілігін растайтын құжаттардың көшірмелері (заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, жарғы);

3) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және ақпараттық жүйелер арқылы алынған әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер. Құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген анықтама;

4) штатта сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттелген ұйымдарда немесе мамандардың біліктілігін тәуелсіз сертификаттауды жүзеге асыратын орталықтарда берілген кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға біліктілігін растайтын құжаты бар және оқытудан өткен мамандардың болуы;

5) баға ұсынысы.

Құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде нөмірленген және тігілген түрде не экономиканың нақты секторы бөлімінің электрондық поштасына ұсынылады orse.apr@pavlodar.gov.kz.

Анықтама телефоны: 87019176707

 

 

 

«Павлодар ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» ММ көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісіне қатысу үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау бойынша бір жыл мерзімге конкурс жариялайды
Дата публикации
25 августа 2025