2025 жылғы 24 тамызда Ольгинка ауылының әкімін сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 526 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 283 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Ольгинка ауылының әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Ермек Даурен Ермекұлы үшін сайлаушылардың 237 дауысы берілді,
Кабылбеков Айдархан Манапович үшін сайлаушылардың 15 дауысы берілді,
Татенов Ермек Смагулович үшін сайлаушылардың 18 дауысы берілді,
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 5.
Сайлау қорытындысы бойынша Ольгинка ауылының әкімі болып сайланды:
Ермек Даурен Ермекұлы, 1990 жылы туған, «Павлодар ауданы Ольгинка ауылы әкімінің аппараты» ММ, әкім, Павлодар ауданы Ольгинка ауылының тұрғыны.
Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы