Өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғаудың тиімді жүйесі кез келген индустриалды дамыған мемлекеттің экономикалық өмірінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мұндай қорғаусыз ешбір ел білімнің кез келген саласында, өндіріс және кәсіпкерлік салаларында жаңа әзірлемелердің технологиялық немесе басқа алмасуына белсенді қатыса алмайды. Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың қорғалу дәрежесі заңнаманың нақты белгіленген шеңберінде әрекет ететін осы объектілер нарығының өркениетінің жай-күйін және оның барлық қатысушыларының құқықтарын сақтауды сипаттайды, сондай-ақ елдегі инвестициялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді (немесе жәрдемдеседі).