Кез-келген елдің заңнамасы тек өз елінің Өнеркәсіптік меншік қатынастарын реттейді. Сондықтан, осы елде алынған патент тек осы елдің аумағында күшіне енеді. Егер өтініш беруші басқа елдерде құқықтық қорғауды қаласа, ол оны осы елдердің әрқайсысында алу керек. Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғауды өз бетінше алуды жеңілдету үшін шет елдердегі азаматтар мен заңды тұлғаларға, 1883 жылы он бір елдің өкілдері өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясына қол қойып, Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Халықаралық одақ құрды.