Павлодар аудандық аумақтық инспекциясы сізге 2025 жылдың мамырдын үшінші онкүндігінде, маусымның басынан бастап ауылдық округтер аумағында уыттылығы жоғары пестицидтерді қолдана отырып, шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жүргізілетіндігін хабарлайды. Саяқ шегірткелерге қарсы - 1310 га, аса қауіпті яғни итальяндық шегірткеге қарсы - 500 га.
Осыған байланысты біз мал жайылымын және ауылшаруашылығы жануарларының барлық түрлерін өңделетін жерлерге айдауға уақытша шектеу қою қажеттілігі туралы хабарлаймыз.
Омарталарды қауіпсіз қашықтыққа ауыстырып (кем дегенде 4-5 км) және араларды өңдеуден кейін 96-120 сағат ішінде ұшыртуға шектеу қою қажет.
ҚР АШМ АӨК МИК «Павлодар аудандық аумақтық инспекция» ММ