2025 жылғы 11 мамырда өткен Заңғар, Луганск және Черноярка ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2025 жылғы 11 мамырда Заңғар, Луганск және Черноярка ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Заңғар ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 471 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 281 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 4 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

Заңғар ауылдық округі әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Джагипаров Расул Ержанұлы үшін сайлаушылардың 21 дауысы берілді,

Сманов Руслан Канатович үшін сайлаушылардың 225 дауысы берілді,

Татенов Ермек Смагулович үшін сайлаушылардың 19 дауысы берілді,

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 12.

Сайлау қорытындысы бойынша Заңғар ауылдық округі әкімі болып сайланды:

Сманов Руслан Канатович, 1988 жылы туған, «Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, әкім, Павлодар ауданы Коряковка ауылының тұрғыны.

Луганск ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 1361 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 654 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 1 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

Луганск ауылдық округі әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Линник Любовь Алексеевна үшін сайлаушылардың 65 дауысы берілді,

Талуенко Николай Сергеевич үшін сайлаушылардың 61 дауысы берілді,

Щеглов Вадим Сергеевич үшін сайлаушылардың 478 дауысы берілді,

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 45.

Сайлау қорытындысы бойынша Луганск ауылдық округі әкімі  болып сайланды:

Щеглов Вадим Сергеевич, 1989 жылы туған, «Павлодар ауданы Луганск ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, әкім, Павлодар ауданы Луганск ауылының тұрғыны.

Черноярка ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 1798 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 945 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 16 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

Черноярка ауылдық округі әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Бердхан Мегенбек үшін сайлаушылардың 95 дауысы берілді,

Досмагамбетов Нурлан Назымбекович үшін сайлаушылардың 92 дауысы берілді,

Тактаулов Ермек Даньярович үшін сайлаушылардың 685 дауысы берілді,

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 43.

Сайлау қорытындысы бойынша Черноярка ауылдық округі әкімі  болып сайланды:

Тактаулов Ермек Даньярович, 1973 жылы туған, «Павлодар ауданы Черноярка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, әкім,  Павлодар ауданы Новочерноярка ауылының тұрғыны.

 

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2025 жылғы 11 мамырда өткен Заңғар, Луганск және Черноярка ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлама
Дата публикации
12 мая 2025