Павлодар облысы Павлодар ауданы Заңғар, Луганск және Черноярка ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
2025 жылғы 15 сәуірде сағат 18.00-де Павлодар ауданы Заңғар, Луганск және Черноярка ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Заңғар ауылдық округі бойынша:
Барлығы 3 кандидат, оның ішінде 1 (33 %) – саяси партиясымен, 2 (67 %) - өзін-өзі ұсынды.
Орташа бәсекелестік – 3 адам.
Луганск ауылдық округі бойынша:
Барлығы 3 кандидат, оның ішінде 1 (33 %) – саяси партиясымен, 2 (67 %) - өзін-өзі ұсынды.
Орташа бәсекелестік – 3 адам.
Черноярка ауылдық округі бойынша:
Барлығы 3 кандидат, оның ішінде 1 (33 %) – саяси партиясымен, 2 (67 %) - өзін-өзі ұсынды.
Орташа бәсекелестік – 3 адам.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2025 жылғы 20 сәуірде сағат 18.00-де аяқталады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы