Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының 113-5-бабының 2-тармағына сәйкес, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды тіркеу сайлау жарнасын төлегеннен кейін жүзеге асырылады.
Саяси партия ұсынған кандидатты қоспағанда, кандидат өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына сайлау жарнасын енгізеді:
Кандидатты ұсынған саяси партия өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына әрбір ұсынылған кандидат үшін сайлау жарнасын енгізеді:
Енгізілген жарна, егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат әкім болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, кандидатқа немесе саяси партияға қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және жергілікті бюджет кірісіне айналдырылады.
Сайлау жарнасын енгізу үшін реквизиттер:
«Павлодар ауданы әкімінің аппараты» ММПавлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаева көшесі, 32БСН 970140002575БИК KKMFKZ2AЖСК KZ070705031223015002«ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ КОМИТЕТІ» РММКбе 12КНП 190Төлемнің мақсаты:
Павлодар облысы Павлодар ауданы _______________ ауылдық округінің әкіміне кандидаттың сайлау жарнасы - Тегі Аты Әкесінің аты