Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар 2025 жылғы 15 сәуірден (сайлау алдындағы үгітті жүргізу басталардан кемінде бес күн бұрын) кешіктірмей Павлодар ауданы Заңғар, Луганск және Черноярка ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін эфир мен баспа алаңын («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағы) беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясына (эл.пошта tic_pav_pav@saylau.kz, мекенжайы: Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 10) ұсынуға тиіс.
Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес сайлауға қатысатын кандидаттардың үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау немесе эфир алаңын беру шарттары мен тәртібі бойынша сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ Павлодар аудандық сайлау комиссиясына төлем мөлшері туралы мәліметтерді ұсынбаған, – лауазымды адамдарға-отыз, заңды тұлғаларға-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.