Павлодар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 қарашадағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 9/103 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Павлодар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 қарашадағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 9/103 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 188948 болып тіркелді) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Павлодар аудыны мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің                қосымшасына сәйкес жаңа редақцияда жазылсын.

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
14 марта 2025