Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабының 1) тармақшасына, 13-бабына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қоса беріліп отырған Павлодар ауданында 2025 – 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар бекітілсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім оның алғышқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.