Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1)тармақшасына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- 2025-2027 жылдарға арналған Павлодар аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, соның ішінде 2025 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 4 900 706 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 2 033 950 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 21 919 мың теңге;
трансферттер түсімі – 2 844 837 мың теңге;
2) шығындар – 4 900 706 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – -636 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 78 640 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 79 276 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 636 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – -636 мың теңге.
2. Аудандық жергілікті атқарушы органның 2025 жылға арналған резерві 40 840 мың теңге сомасында бекітілсін.
3. 2025 жылға арналған Павлодар ауданының бюджетінде облыстық бюджеттен берілетін субвенция көлемі - 1 089 037 мың теңге ескерілсін.
4. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен ауылдық округтер мен Ольгинка ауылының бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемі жалпы сомасы 827 505 мың теңге көзделсін, соның ішінде:
Григорьевка – 76 327 мың теңге;
Ефремовка – 21 167 мың теңге;
Заңғар – 31 611 мың теңге;
Заря – 72 662 мың теңге;
Кемеңгер – 29 095 мың теңге;
Кеңес – 114 087 мың теңге;
Луганск – 74 294 мың теңге;
Мичурино – 86 937 мың теңге;
Ольгинка – 48 227 мың теңге;
Рождественка – 95 361 мың теңге;
Чернорецк – 90 035 мың теңге;
Черноярка – 48 850 мың теңге;
Шақат – 38 852 мың теңге.
5. 2025 жылға арналған аудандық бюджетінде ауылдық округтердің және Ольгинка ауылының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер келесі көлемдерінде ескерілсін:
2 366 мың теңге – азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақасын көтеруге; 9 898 мың теңге – Ольгинка ауылы әкімі аппаратының жылумен жабдықтау нысанына жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
651 889 мың теңге – елді мекендердің автомобиль жолдарын жөндеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;
43 807 мың теңге – елді мекендерді абаттандыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға;
155 122 мың теңге – мәдениет және спорт саласындағы шығындарға;
280 643 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға.
6. Ауылдық округтер мен Ольгинка ауылының бюджеттеріне нысаналы трансферттердің көрсетілген сомаларын үлестіру аудан әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.
7. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Шұғаев