Сіздердің назарларыңызға 2025-2027 жылдарға арналған Павлодар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің азаматтық бюджеті ұсынылған.
Бөлімнің бюджеті Павлодар аудандық мәслихаттын 2024 жылғы 25 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған Павлодар аудандық бюджет туралы» № 26/220 шешіміне сәйкес бекітілген.
Азаматтық бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына, «Ауылдық елді мекендерге істеугк және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген.