Павлодар ауданы елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының      1, 5 - тармақтарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Павлодар ауданы Черноярка ауылдық округі елді мекендерінің шекаралары (шектері) жалпы алаңы 2767 гектар:

осы  бірлескен қаулының және шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Новочерноярка ауылының алаңы 1138 гектар, Сычевка ауылының алаңы 528 гектар, Черноярка ауылының алаңы 1101 гектар шекаралары (шектері) белгіленсін.

  1. Павлодар ауданының Ефремовка ауылдық округі елді мекендерінің шекаралары (шектері) жалпы алаңы 5577 гектар:

осы бірлескен қаулы мен шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Ефремовка ауылының алаңы 4114 гектар, Даниловка ауылының алаңы 1463 гектар шекаралары (шектері) белгіленсін.

  1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.К. Нурмагамбетовке және аудандық мәслихаттың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы бірлескен қаулысы және шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
12 декабря 2024