Павлодар аудандық мәслихаты : ШЕШТІ
1. Павлодар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «2024-2026 жылдарға арналған Павлодар аудандық бюджеті туралы» № 11/113 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 190738 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған Павлодар аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, соның ішінде 2024 жылға арналған келесі
көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 4 968 256 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 928 163 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 78 060 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 8 059 мың теңге;
трансферттер түсімі – 2 953 974 мың теңге;
2) шығындар – 5 049 923 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 62 100 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 132 912 мың теңге ;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 70 812 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 143 767 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 143 767 мың теңге.»;
2) көрсетілген шешімнің 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«5. 2024 жылға арналған аудандық бюджетінде ауылдық округтердің және Ольгинка ауылының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер келесі көлемдерінде ескерілсін:
1 803 мың теңге – азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақасын көтеруге;
319 557 мың теңге – елді мекендердің автомобиль жолдарын жөндеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;
307 744 мың теңге – елді мекендерді абаттандыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға;
58 672 мың теңге – мәдениет және спорт саласындағы шығындарға;
251 279 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға.»;
3) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Шұғаев