Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс комиссиясы Қоғамджық кеңеске кандидаттардан түскен құжаттарды қарап, әр кандидатпен жеке сұхбат жүргізді.
Байқауға барлығы 20 адам қатысты. Әңгімелесу барысында кандидаттар олардың кәсіби, жеке қасиеттерін анықтауға, Қоғамдық кеңестер туралы заңнаманы білуге, қоғамдық жұмыс тәжірибесінің болуына, сондай-ақ қоғамдық кеңеске үміткер мүшелікке байланысты сапаларға бағытталған сұрақтарға жауап берді.
Әңгімелесу қорытындыларын, қоғамдық қызмет тәжірибесін, коммерциялық емес бірлестіктердің, саяси партиялардың ұсынымдарын ескере отырып, Павлодар ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына 11 адам кірді: олар: Баткеев Б. Т. - "АҚ жол" ШҚ басшысы, Павлодар ауданының Құрметті азаматы, Джумадиева М. А. - "TERRA private LIMITEP COMPANY" ЖШС директоры, Павлодар аудандық мәслихаттың депутаты, Ж.Т. Қабылдинов - "Қабылдиновтар" ШҚ басшысы, С. Я. Қанафина - жеке кәсіпкер, А. М. Қалышбеков - жеке кәсіпкер, Д. К. Қаржауова - "Павлодар аудандық газеті" ЖШС директоры, О. О. Копенов - "Асхат" шаруа қожалығының заңгері, С. М. Нұрғалиев - "Аққұдық" ШҚ басшысы, Павлодар ауданының Құрметті азаматы, Р. М. Тұрлубай - "Жаңа қала "ШҚ" ЖШС құрылтайшысы, А. С. Урунтаев - "Аңсар" жеке кәсіпкері, С. Шин.Г. - Ефремов орта жалпы білім беретін мектебі мұражайының басшысы, Павлодар ауданының Құрметті азаматы.