1.1 Өнеркәсіп
2020 ж. 01.09.-ге өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2431,6 млн. теңге құрастырды, НКИ – 70,5 %.
- тау кең өндіру өнеркәсібінің НКИ – 48,5%. Өндеу өнеркәсібінің НКИ – 65,1%. Электр қуатымен, бу беру және ауаны кондициялау НКИ 100,3% құрады. Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау НКИ – 105,0%.
1.2. Ауыл шаруашылығы
2020 ж. 01.09.-ге ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 14384,8 млн. теңге құрастырды, НКИ – 103,3%.
2020 жылғы 1 қыркүйекке мал басының саны құрады: ІҚМ – 42,6 мың бас (104,5%), соның ішінде сиыр – 20,0 мың бас (121,0%); жылқы – 12,2 мың бас (103,7%); қой – 37,0 мың бас (102,5%); ешкі – 1,5 мың бас (100,6%); шошқа – 27,5 мың бас (107,2%); құс – 28,1 мың бас (110,0%).
Тірідей салмақта союға өткізілген мал мен құс 10466,3 тонна құрады (102,8%), сауылған сиыр сүті – 35667,7 тонна (103,9%), алынған тауық жұмыртқасы– 2621,5 мың дана (98,8%).
Аудан өнеркәсібі 14 қайта өңдеу объектісінен тұрады. Павлодар ауданы аумағында 13 АӨК әрекет жасайды.
Жер қоры
Аудан жерлерінің жалпы көлемі 584,4 мың. га құрастырады, соның ішінде: - ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер – 375,1 мың га;
- елді мекендердің жері – 87,6 мың га;
- өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлер – 5,8 мың га;
- орман қорының жері – 23 мың га;
- су қорының жері – 8,7 мың га;
- босалқы жер – 84,2 мың га.
1.3. Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі 01.09.2020 жылға 4343 млн. теңгені құрады, немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 168,6%.
Тұрғын үйлерді іске қосу
01.09.2020 жылға пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 3255 ш. м., немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 110,0%.
01.09.2020 ж. негізгі капиталға инвестициялар көлемі 6533,1 млн. теңге құрады, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда НКИ 118,0%.
01.09.2020 ж. жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1395, соның ішінде жұмыс істеп тұрған – 1277.
01.09.2020 ж. бөлшек сауда айналымы 2349,0 млн. теңге құрады, немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 88,0%.
2020 жылғы қаңтар-тамыз жағдайы бойынша аудандық бюджеттің түзетілген көлемі жалпы 10498,2 млн. теңге құрады. Бюджеттің жалпы көлеміндегі трансферттердің салыстырмалы салмағы 92,1% немесе 9670,3 млн. теңгеге тең.
Бюджеттің шығыс бөлігі 99,6% орындалған (есеп кезеңіне жоспарланған 7745,6 млн. теңге, орындалу 7715,2 млн. теңге құрады).
Бюджеттің 4 деңгейі
2020 жылғы қаңтар-тамыз жағдайы бойынша Ольгинка ауылы мен ауылдық округтер бюджетінің түзетілген көлемі 1335,2 млн. теңге құрады. Ауылдық округ бюджетіне трансферттер көлемі – 1297,5 млн.теңге, ол бюджеттің жалпы көлемінен 97,1% құрады.
Бюджеттің шығыс бөлігі 99,7% орындалды, жоспарланған – 960,2 млн. теңге, орындалу – 958,0 млн. теңге құрады.
6.1 Еңбек нарығы
Жұмыссыздық деңгейі – 4,2% құрады.
Жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыздар 558 азамат тіркелген (2019 ж. – 324).
2020 жылдың қаңтар–тамыз айларында 1009 адам жұмысқа орналастырылды (2019 ж. – 741).
Қоғамдық жұмыстарға 333 жұмыссыз қатысты (2019 ж. – 170).
6.2 Еңбекақы төлеу
2020 жылдың қаңтар – маусым бойынша бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 149 282 теңге немесе 2019 жылдың тиісті кезеңіне 136,3%.
Жалақы төлеу бойынша мерзімі өткен берешек жоқ.
Ауданда 59 білім беру нысаны жұмыс істейді, соның ішінде: 26 мектеп, 2 мектеп жанындағы интернат, 1 өнер мектебі, 20 шағын орталық, 9 балабақша, 1 жеке меншік балабақша.
Сондай-ақ «Еrtis» жоғары Инновациялық-аграрлық колледжі жұмыс істейді.
2020-2021 оқу жылына болжалды оқушылар контингенті 4131 адамды құрайды, бірінші сыныпқа 401 оқушы қабылданады деп алдын ала күтілуде.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту – 97,8%, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды-99%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды – 100 %.
Мектеп алды дайындықпен қамту – 100%.
Ауданның медициналық ұйымдарының желісі ауданның емханасымен, 10 дәрігерлік амбулаториямен, 3 фельдшерлік-акушерлік бекетпен, 15 медициналық пунктпен, ауданның тауарлары мен қызметтерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен, 7 дәріханамен, емхана жанындағы дәріхана қоймасымен ұсынылған (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қамтамасыз ету үшін).
Медициналық көмекті 46 дәрігер және 133 орта медициналық қызметкерлер көрсетеді.
Есепті кезеңде туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға 51,3 немесе 9 жағдайды құрады (2019 жылдың ұқсас кезеңінде – 10 жағдай, көрсеткіш – 57,5).
8 ай ішінде онкологиялық аурушаңдықтың алғаш рет анықталған 42 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққанда 239,4 құрады (2019 жылдың ұқсас кезеңінде – 42 жағдай, көрсеткіш – 241,5).
Аудан аумағы бойынша жалпы ұзындығы 182,5 км республикалық маңызы бар 4 автомобиль жолдары өтеді (Омбы–Павлодар–Майқапшағай (83 км), Павлодар–Успен (54 км), Павлодар–Щербақты (44,5 км), Қызыл Орда-Павлодар (1 км). Аудан аумағы арқылы жалпы ұзындығы 76 км облыстық маңызы бар 2 автожол өтеді (Шақат-Восточное-Шалдай, 0-56 км учаскесі (56 км) және Чернорецк-Ольгино-Успен-Щербақты, 0-20 км учаскесі (20 км). Аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы 202,1 км құрайды.
Жолдарды орташа жөндеу:
2020 жылы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге қаржы қаражат бөлінді.
республикалық бюджет қаражатынан (ЖЖҚК):
- Красноармейка ауылының кіреберісі (5,125 шақырым), 93823,0 мың теңге сомаға шарт жасады. Мердігер ұйым «Дорстрой» ЖШС. Жұмыстар аяқталды.
республикалық және облыстық бюджеттердің қаражатынан:
- Ефремовка – Луганск аудандық маңызы бар жол 8–12 шақырым (4 шақырым), 76763,4 мың теңге сомаға шарт жасады. Мердігер ұйым «Аза» ЖШС. Жұмыстар аяқталды.
- Черноярка – Новочерноярка аудандық маңызы бар жол (2,78 шақырым), 65958,7 мың теңге сомаға шарт жасады. Мердігер ұйым «Аза» ЖШС. Жұмыстар аяқталды.
Аудандық бюджет қаражатынан:
- Госплемстанция ауылындағы Школьная көшесі (0,856 шақырым), 20542,2 мың теңге сомаға шарт жасалды. Мердігер ұйым ПКФ «Гордорстрой» ЖШС. Жұмыстар аяқталды.
- Мичурин ауылындағы Тәуелсіздік көшесі (1,045 шақырым), шарт 13359,1 мың теңге сомаға жасалды. Мердігер ұйым «ИНЭК Казахстан» ЖШС. Жұмыстар аяқталды.
- Набережное ауылындағы Целинная көшесі (0,664 шақырым), шарт 10946,9 мың теңге сомаға жасалды. Мердігер ұйым «ИНЭК Казахстан» ЖШС. Жұмыстар аяқталды.
- Розовка ауылындағы кентішілік жолдар (1,869 шақырым), 23199,1 мың теңге сомаға шарт жасалды. Мердігер ұйым «Асфальтобетон» ЖШС. Жұмыстар аяқталды.
- Набережное ауылындағы Интернациональная көшесі (0,659 шақырым), 7300,0 мың теңге сомаға шарт жасалды. Мердігер ұйым «Асфальтобетон» ЖШС. Асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. Жол жиектерін бекіту және жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде.
13 ауылдық округтарда 13 учаскелік полиция инспекторлары жұмыс атқарады, олардың 8 қызметтік автокөлігі бар.
13 қоғамдық құрамалар жұмыс атқарады, олардың ішінде 38 қоғамдық полиция көмекшілері.
Есеп кезеңінде 100 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, соның ішінде 2 – қастықпен өлтіру, 1 – тонау, 35 – ұрлау (2019 ж. қаңтар-тамыз – 118, соның ішінде 3 – тонау, 68 – ұрлық).
2020 жылғы 1 қыркүйекке Павлодар ауданының аумағында 7 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 10 зардап шеккен (қаза болғандар 2, жараланғандар 8).
Құқықбұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күресу бойынша қолданған шаралар нәтижесінде қоғамдық жағдай тұрақты түрде.