«Павлодар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 06.09.2024 – 12.09.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 13.09.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 18.09.2024
Сұхбат: 23.09.2024-25.09.2024
Анықтама телефоны: 325719
Е-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Павлодар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі персоналды басқару қызметінің басшысы, Е-3 (Лауазым мәртебесі: Уақытша бос)
Функционалдық міндеттері:
Қазақстан Республикасының «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен белгіленген кадрлық іс-шаралардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді. Аудан азаматтарын мемлекеттік және үкімет наградаларына, көп балалы аналарды «Күміс алқа», «Алтын алқа» алқаларымен марапаттауға ұсынуды ұйымдастырады. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Құжаттардың әкімдік пен әкім құзырына, заң техникасы ережелеріне, жоғары тұрған дәрежедегі нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес келетіндігіне заңнамалық сараптама жүргізеді, сондай-ақ қабылданатын актінің түрін және оның мемлекеттік тіркеу қажеттілігін анықтайды. Белгіленген тәртіпте сотта және басқа органдарда құқықтық мәселелерді қарау кезінде аудан әкімінің өкілі болып табылады. Құқық қорғау қызметі мен қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша қоғамдық құрылымдар мәселелері жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Ауданның атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерінің стандарттарға сәйкес болуын бақылауды қамтамасыз етеді. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық, бизнес және басқару, жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау, тілдер және әдебиет, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, педагогика және психология.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әркеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
Шағым жасау тәртібі
Үміткерлер уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не сот тәртібінде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.