«Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 ақпандағы «2020 жылға арналған Павлодар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік колдау шараларын ұсыну туралы» № 66/290 шешіміне толықтыру енгізу туралы»
2020 жылғы ______________№ ____Павлодар
аудандық мәслихатының шешім жобасына
Баспасөз
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес «Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 ақпандағы «2020 жылға арналған Павлодар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік колдау шараларын ұсыну туралы» № 66/290 шешіміне толықтыру енгізу туралы» мәслихат шешімінің жобасын Сіздің назарларыңызға ұсынамыз.
Жобаны іске асыру кезінде «2020 жылға Павлодар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» мемлекеттік қызметі іске асырылуда. 2020 жылы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 74 маманға қызмет көрсетілді, оның ішінде 122 722,2 мың теңге жалпы сомаға бюджеттік кредит түрінде - 31 маманға және 43 маманға көтерме жәрдемақы түрінде – 11 551,7 мың теңге жалпы сомаға төленді. 2020 жылдың соңына дейін 29 маманға қызмет көрсетіледі, оның ішінде 72 227,82 мың теңге жалпы сомаға бюджеттік кредит түрінде - 18 маманға және 11 маманға көтерме жәрдемақы түрінде – 3 055,8 мың теңге жалпы сомаға
«Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 ақпандағы «2020 жылға арналған Павлодар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік колдау шараларын ұсыну туралы» № 66/290 шешіміне толықтыру енгізу туралы» шешім жобасы 2020 жылғы 1 қыркүйекте бастап «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.