АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Павлодар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (ұйымдастырушы) 2024 жылғы 23 қыркүйектегі сағат 15.00-де шаруа қожалығын немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізеді. Конкурс мына мекен-жайы бойынша өткізіледі: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, акт залы.

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі

№ р/н

Лот №

Алаңы, га

Топырақтың сапалық сипаттамасы

Бонитет балы

Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы

Жалгерлікке беру мерзімі, жыл

Жер учаскесінің орналасқан орны

 Сумен

қатамасыз

дандырылуы

1

1077

Жалпы ауданы 104,8 га, соның ішінде егістік 104,6 га, өзге алқаптар 0,2 га

қоңыр топырақ

16

мал шаруашылығы/ өсімдік шаруашалығы

15 жыл

Григорьевка ауылдық округі

жоқ

2

1098

Жалпы ауданы 232,3 га, соның ішінде шабындық 231,8 га, өзге алқаптар 0,5 га

қоңыр топырақ

16

мал шаруашылығы/ өсімдік шаруашалығы

15 жыл

Григорьевка ауылдық округі

жоқ

3

1079

Жалпы ауданы 436,1 га, соның ішінде жайылым 435 га, өзге алқаптар 1,1 га

қоңыр топырақ

14

мал шаруашылығы/ өсімдік шаруашалығы

15 жыл

Заря ауылдық округі

жоқ

4

1092

Жалпы ауданы 63 га, соның ішінде егістік 63 га

қоңыр топырақ

14

мал шаруашылығы/ өсімдік шаруашалығы

15 жыл

Заря ауылдық округі

жоқ

5

1093

Жалпы ауданы 16,6 га, соның ішінде шабындық 16,6 га

қоңыр топырақ

14

мал шаруашылығы/ өсімдік шаруашалығы

15 жыл

Заря ауылдық округі

жоқ

6

1094

Жалпы ауданы 54 га, соның ішінде шабындық 54 га

қоңыр топырақ

14

мал шаруашылығы/ өсімдік шаруашалығы

15 жыл

Заря ауылдық округі

жоқ

7

1108

Жалпы ауданы 62,8 га, түбегейлі жақсартылған жайылым 62,6 га, өзге алқаптар 0,2 га

қоңыр топырақ

12

мал шаруашылығы/ өсімдік шаруашалығы

15 жыл

Кеңес ауылдық округі

жоқ

8

1100

Жалпы ауданы 790,4 га, соның ішінде жайылым 788 га, өзге алқаптар 2,4 га

қоңыр топырақ

11

мал шаруашылығы/ өсімдік шаруашалығы

15 жыл

Ольгинка ауылы

жоқ

9

1081

Жалпы ауданы 16,8 га, соның ішінде суарылатын егістік 16,8 га

қоңыр топырақ

34

мал шаруашылығы/ өсімдік шаруашалығы

15 жыл

Черноярка ауылдық округі

бар

10

1111

Жалпы ауданы 116,8 га, соның ішінде шабындық 113,8 га, өзге алқаптар 3 га

қоңыр топырақ

13,6

мал шаруашылығы/ өсімдік шаруашалығы

15 жыл

Чернорецк ауылдық округі

жоқ

11

1112

Жалпы ауданы 167,1 га, соның ішінде шабындық 163,1 га, өзге алқаптар 4 га

қоңыр топырақ

13,6

мал шаруашылығы/ өсімдік шаруашалығы

15 жыл

Чернорецк ауылдық округі

жоқ

12

1107

Жалпы ауданы 319,96 га, соның ішінде егістік 307,5 га, өзге алқаптар 12,46 га

қоңыр топырақ

12

мал шаруашылығы/ өсімдік шаруашалығы

15 жыл

Шақат ауылдық округі

жоқ

Барлығы: жалпы ауданы  2380,66 га, соның ішінде суарылатын егістік 16,8 га, егістік 475,1 га, жайылым 1223 га, түбегейлі жақсартылған жайылым 62,6 га, шабындық 579,3 га, өзге алқаптар 23,86 га

 

 

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

      2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

      3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

      4) конкурстық ұсыныс;

       5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

      Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

      Конкурстық ұсыныста:

       1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

      2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

      3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

       Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.

       Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу – өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда, он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Қатысушы конкурстық өтінімді мөрлейді, онда: өзінің атауы мен мекенжайын; конкурсты ұйымдастырушының және оның мекенжайын көрсетеді «Шаруа қожалығын немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру жөніндегі конкурс» және (ашудың нақты күні мен уақыты көрсетіледі) «2024 жылғы «23» қыркүйектегі  сағат 15.00-ге ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ" деген сөздерді жазады. Конкурс өтінімдері ұйымдастырушыға Павлодар қаласы, Толстой  көш. 10, пошта индексі – 140000 мекенжайына, қабылдау мерзімінде

2024 жылғы 2 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 20 қыркүйекке сағат 18:00 дейін қолма-қол немесе пошта арқылы табыс етіледі.

Назар аударыңыз! Конкурсқа қатысуға өтінімде әрбір лот бойынша (бірнеше лотқа өтінім берілген жағдайда) 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі туралы мәліметтерді нақты ажырату қажет, олай болмаған жағдайда Сіздің өтініміңіз осы өлшем бойынша қаралмайды.

Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық беріледі. Тұру фактісін растайтын құжаттар өтінішке қоса берілуі қажет.

Дата публикации
01 августа 2024