Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5 - тармақтарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының пікірін ескере отырып, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Павлодар ауданы Мичурин ауылдық округі елді мекендері шекараларының жалпы ауданы 3708 гектар болып белгіленсін.
- Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.К. Нурмагамбетовке және аудандық мәслихаттың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы Павлодар ауданы әкімдігінің бірлескен қаулысы және Павлодар аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.