«Павлодар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі «Павлодар ауданы Красноармейка ауылдық округінің аумағында
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын
және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы» № 39/277 шешімінің
күші жойылды деп тану туралы» Павлодар аудандық
мәслихатының шешімі жобасына баспасөз
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабына 2- тармағының 4) тармақшасына сәйкес жоба әзірленді.
2020 жылғы 4 қыркүйегіндегі жоба порталына орналастырылған.
Павлодар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі «Павлодар ауданы Красноармейка ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы» № 39/277 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Павлодар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі «Павлодар ауданы Красноармейка ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы» № 39/277 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4055 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.