2024 жылғы 02 маусымда өткен әкімін сайлау қорытындылары туралы Хабарлама

2024 жылғы 02 маусымда Ефремовка ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 784 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 331  сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 18 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 2.

Ефремовка ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Гапу С., үшін сайлаушылардың 166 дауысы берілді;

Джагипаров Р.Е., үшін сайлаушылардың 146 дауысы берілді;

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 5.

Сайлау қорытындысы бойынша Ефремовка ауылдық округі әкімі  болып сайланды:

Гапу Сапаржан, 1985 жылы туған, «Павлодар ауданы Ефремовка ЖОББМ» КММ, оқу жөніндегі директор орынбасары, Павлодар ауданы Ефремовка ауылының тұрғыны.

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
03 июня 2024