«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

"Павлодар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 30.05.2024 - 05.06.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 06.06.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 09.06.2024

Сұхбат: 12.06.2024- 14.06.2024

Анықтама телефоны: 87182320986

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

"Павлодар ауданының қаржы бөлімі" ММ мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік секторының бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)

Функционалдық міндеттері:

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы МСА-1 бойынша ай сайынғы есептілікті құрастыру мен ұсынудың тәртібін анықтайды; қазақстандық мазмұндағы көлемдер туралы ақпарат. Ауданның мемлекеттік сатып алуы туралы тоқсан сайынғы ақпаратты қабылдау, тексеру және жинақтау және Қаржы басқармасына есепті ұсыну. Ашық конкурстар туралы ақпаратты жинақтау және оны Қаржы басқармасына және аудан басшылығына ұсыну. Мемлекеттік сатып алуды өткізу және ұйымдастыру туралы ББӘ бойынша есептілікті жүргізу.

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: құқықтану, маркетинг, әлемдік экономика, мемлекеттік аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару, экономика, менеджмент, есеп және аудит, статистика, юрист, бухгалтер

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
30 мая 2024