Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары

Қызмет берушілер 194 адам халықты қамти отырып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 8 түсіндіру іс-шараларын өткізді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы азаматтарды ақпараттандыруды арттыру, сондай-ақ «Электронды Үкімет» веб-порталын көпшілікке түсіндіру мақсатында Ольгинка ауылы әкімі аппаратының жеке парақшасы @akimatolginka  инстаграм желісінде қызмет алушылар үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының қол жетілімділігі, «ЭЦҚ алу», «Ашық әкімдік» туралы ақпараттар 10 қаралымды қамти отырып жарияланды.

Чернорецк ауылдық округі әкімі аппаратының жеке парақшасында: @chernoreck_auyldyk_okrugi_1720 инстаграм желісінде «Электрондық үкімет» порталы арқылы қызметтерді алу бойынша нұсқаулықтар – 2 жарияланым орналастырылған.

Луганск ауылдық округінің әкімдігімен Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде, «Луганск ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ аккаунттарында халықты электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасындағы жаңалықтары туралы ақпараттандыру мақсатында мақалалар жариялау және ақпараттық буклеттер түрінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  

«Open Akimat» фронт – офистерінің модераторлары азаматтарды жер қатынастары, ауыл шаруашылығы салаларындағы «Е-лицензиялау» порталы арқылы әртүрлі анықтамалар алу бойынша мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға оқытуды тұрақты негізде жүргізеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы облыстың цифрлық технологиялар басқармасының тұрақты бақылауында.

 Ауылдық округтерде тұрақты негізде халық көп жиналатын орындарда (дүкендерде, пошта бөлімшесінде, кітапханада және ауылдық округ әкімдігінің ақпараттық стендтерінде) ақпараттық буклеттер орналастырылады.

Ауылдық округ әкімдігі Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде «Луганск ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ аккаунттарында электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасындағы жаңалықтар туралы халықты хабардар ету мақсатында 2024 жылдың 1 тоқсаны ішінде мақаламен және ақпараттық буклет түрінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, тұрақты негізде халық арасында электрондық мемлекеттік қызметтерді алудың артықшылықтарын түсіндіретін брошюралар таратылады, 1 тоқсанда ауылдық округ тұрғындары арасында 24 брошюра таратылды.

 

Дата публикации
15 мая 2024