Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17.04.2024 - 23.04.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 24.04.2024- 26.04.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 01.05.2024- 03.05.2024
Сұхбат: 10.05.2024- 14.05.2024
Анықтама телефоны: 87182320986
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
"Павлодар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ бюджеттік шығыстарды жоспарлау және табыстарды болжамдау секторының
бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Уақытша бос)
Функционалдық міндеттері:
Ауылдық жерге жұмысқа келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша көтерме жәрдемақы төлеуге және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беруге құжаттарды
дайындау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады. "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну"; 006 "мамандарға әлеуметтік
қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер"бағдарламасы бойынша Мемлекеттік қызметтер мен бағдарламалар бойынша ай сайынғы,
тоқсан сайынғы, жылдық есептілікті жасайды; 099 "мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру"бағдарламасы бойынша.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: статистика, маркетинг, қаржы, есеп және аудит, жобаларды басқару, экономика, менеджмент, әлемдік экономика,
мемлекеттік аудит, государственное и местное управление, 051801 2 -Бухгалтер
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі
бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.