«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру "Павлодар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 09.04.2024 - 15.04.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 16.04.2024- 18.04.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
23.04.2024- 25.04.2024
Сұхбат: 30.04.2024
Анықтама телефоны: 87182320986
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:
«Павлодар ауданы экономиканың нақты сектор бөлімі» ММ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторының бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)

Функционалдық міндеттері:
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру
және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль
жолдарын дамыту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады. Аудандық маңызы
бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын ағымдағы және
орташа жөндеу бойынша конкурстар өткізуді және конкурстық құжаттаманы
дайындауды жүзеге асырады. Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
және әлеуметтік сала объектілерін алдағы қысқы кезеңге дайындау бойынша жұмыстарды бақылауды және жүргізуді жүзеге асырады. Ауданның елді мекендерін абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша айлықтар мен
сенбіліктерді ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша негізделген жауаптардың қатаң сақталуын және дайындалуын қамтамасыз етеді. Сектордың құзыреті бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі
білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: машина жасау, технологиялық
машиналар мен жабдықтар (сала бойынша), көлік құрылысы, инженерлік
жүйелер мен желілер, көлік, көлік техникасы және технологиялары,
стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша), көлік қызметтері, - Автокөлік жөндеу және пайдалану, техникалық қызмет көрсету

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі
бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
09 апреля 2024