Павлодар аудандық мәслихаты : ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ
1. Павлодар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «2024-2026 жылдарға арналған Павлодар аудандық бюджеті туралы» № 11/113
шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №
190738 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған Павлодар аудандық бюджеті тиісінше 1, 2
және 3-қосымшаларына сәйкес, соның ішінде 2024 жылға арналған келесі
көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 4 525 335 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 864 256 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 24 564 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 021 мың теңге;
трансферттер түсімі – 2 635 494 мың теңге;
2) шығындар – 4 607 002 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 62 100 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 132 912 мың теңге ;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 70 812 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 143 767 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 143 767
мың теңге.»;
2) көрсетілген шешімнің 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«5. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтердің және
Ольгинка ауылының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
келесі көлемдерінде ескерілсін:
1 868 мың теңге – азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының,
мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің,
қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақасын көтеруге;
414 547 мың теңге – елді мекендердің автомобиль жолдарын жөндеу
жөніндегі іс-шараларды жүргізуге;
337 309 мың теңге – елді мекендерді абаттандыру бойынша іс-шараларды
ұйымдастыруға;
11 250 – елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруға;
40 067 мың теңге – мәдениет және спорт саласындағы шығындарға;
263 913 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді
мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды
іске асыруға».
3) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес
жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Шұғаев