2024 жылғы 31 наурызда өткен Павлодар аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2024 жылғы 31 наурызда № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Павлодар аудандық мәслихаттың орнына депутат сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 1786 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 668 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 22 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

№ 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Павлодар аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Каиргалиев Чингизхан Серикович үшін сайлаушылардың 15 дауысы берілді,

Корепанов Дмитрий Викторович үшін сайлаушылардың 187 дауысы берілді,

Марсалыков Нуржан Каиржанович үшін сайлаушылардың 437 дауысы берілді,

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 23.

Сайлау қорытындысымен № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Павлодар аудандық мәслихаттың депутаты болып Марсалыков Нуржан Каиржанович, 1995 жылы туған, «Павлодар ауданының Черноярка ЖОББМ» КММ, дене шынықтыру мұғалімі, Павлодар ауданы.

 

 

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
01 апреля 2024