Құрметті азаматтар, барлық мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібімен мына сілтеме бойынша таныса аласыз: http://10.61.42.188/rus/docs/V2000019982
Ұсынылған тізілімде қажетті қызметтер жанында оны көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актіге сілтеме бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің талаптары мен тәртібі Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларымен регламенттеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру үшін ауданда ауылдық округтер мен ауылдарда қызмет көрсету бойынша түсіндіру жұмыстары, жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері жүргізіледі, онда азаматтарға консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіледі, қызмет алу бойынша брошюралар, жадынамалар таратылады.
Мемлекеттік қызметтерді «Павлодар ауданы әкімінің аппараты» ММ Павлодар қаласы Қайырбаев көшесі 32 мекенжайы бойынша көрсетеді.
Әкім аппаратымен мемлекеттік қызметтің 7 түрі көрсетіледі:
- Әскери шақыруды кейінге қалдыру;
- Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату;
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру;
- Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру;
- Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
- Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу.
Барлық сұрақтар бойынша мына телефон хабарласуға болады: 32-57-19.
Павлодар ауданында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесі
Құрметті азаматтар мемлекеттік қызмет көрсету тәртібімен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар: http://10.61.42.188/rus/docs/V2000019982
Ұсынылған тізілімде қажетті қызметтер жанында оны көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актіге сілтеме бар.
Ауылдық округтердің әкімдіктері 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
- Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сайын алу.
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;
- Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеу арқылы сату.
- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
«Павлодар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ
Мемлекеттік қызметтер Палодар қаласы, Қайырбаев көшесі 32 мекенжайы бойынша көрсетіледі.
Бөлім мемлекеттік қызметтің 1 түрін көрсетеді.
- Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдиниет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну.
«Павлодар аудынының экономиканың нақты секторы бөлімі» ММ
Мемлекеттік қызметтер Палодар қаласы, Қайырбаев көшесі 32 мекенжайы бойынша көрсетіледі.
Бөлім мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді:
- Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;
- Эскизді (эсіиздін жоба) келісу;
- Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру;
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы;
- Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру.
«Павлодар ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ
Мемлекеттік қызметтер Палодар қаласы, Толстой көшесі 10 мекенжайы бойынша көрсетіледі.
Бөлім мемлекеттік қызметтің 9 түрін көрсетеді:
- Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жер құрылыс жобаларын бекіту;
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- Іздестіру жұмыстарын жургізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру;
- Ауыл шарушылығы алқаптарын бір түрден басқасына аударуға түпкілікті шешім беру;
- Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
- Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтінтігін айкындау;
- Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру;
- Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп сату;
- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
«Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ
Мемлекеттік қызметтер Палодар қаласы, Кайырбаев көшесі 32 мекенжайы бойынша көрсетіледі.
Бөлім мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді:
- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда олардың тіркемелерін, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен шығару.
- Кепілді мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару). Өзгерістерді, толықтыруларды тіркеу (оның ішінде меншік құқығының басқа тұлғала ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейінгі кепіл (кайта кепіл) және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтау, сондай-ақ тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда оларға тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, жол-құрылыс машиналарды мемлекеттік кепілін тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқасын беру.
- Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, олардың тіркемелерін, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу.
- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру.
«Павлодар ауданының мәдениет, дене шыңықтыру және спорт бөлімі» ММ
Мемлекеттік қызметтер Павлодар қаласы, Толстой көшесі 22 мекенжайы бойынша көрсетіледі.
Бөлім мемлекеттік қызметтің 1 түрін көрсетеді:
- Спорттық разрядтар беру: 2 разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2 – жасаөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасаөспірімдік разрядты спортшы және біліктілік санаттары: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты инструктор-спортшы, спорттық төрешісі.
«Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
Мемлекеттік қызметтер Павлодар қаласы, Ген. Дүйсенов көшесі 1, мекенжайы бойынша көрсетіледі.
Бөлім мемлекеттік қызметтің 17 түрін көрсетеді:
- Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау;
- Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
- Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу:
- Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
- Мүгедектігі бар адамдарды жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
- Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу;
- Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
- Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметімен мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу;
- Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;
- Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру;
11.Ақталған адамға куәлік беру;
- Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;
- Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы ақпарат беру;
- Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу;
- Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру;
- Мүгедектігі бар адамдарға техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
- Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу.