Пестицидтердi залалсыздандыру

«ҚР АШМ АӨКМИК Павлодар аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге ҚР-ның 2002 жылғы 3 шілдедегі № 331 «Өсімдікті қорғау туралы» және «Пестицидтерді бейтараптандыру ережелерін, сондай-ақ арнайы қоймаларды тиісті деңгейде ұстау шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 15-05/864 бұйрығы бойынша тыйым салынған, тозығы жеткен пестицидтер, олардың астынан салынған ыдыстар, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтерден алынған ыдыстар пестицидтерді залалсыздандыру тәртібіне сәйкес бейтараптандырылуға жатады.

  • Пестицидтер – зияндыжәне аса қауіптізияндыорганизмдерге, карантиндіобъектілер мен бөтентектітүрлерге, сақталатынауылшаруашылығыөнімініңзиянкестерінеқарсыкүресүшін, сондай-ақтұқымдардыдәрілеу, егіндіжинауалдындақұрғатыпалу, жапырақтардытүсіружәнеөсімдіктердіңөсуінреттеуүшінпайдаланылатынхимиялықжәне (немесе) биологиялықпрепараттар (инсектицидтер, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, өнугеқарсықұралдаржәнеөсімдіктердіңөсуінреттеушілер, дефиолианттар, десиканттар).
  • Пестицидтер тізімі – Қазақстан Республикасының аумағында өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға рұқсат етілген тіркелген пестицидтер тізбесі.
  • Пестицидтердi залалсыздандыру - тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтердi және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуға, жоюға бағытталған iс-шаралар.

Пестицидтерді зарарсыздандыру ауылшаруашылық кәсіпорындары үшін маңызды міндет болып табылады. Пестицидтер сақталған ыдыстар қоршаған ортаға және тірі организмдерге қауіпті. Аллергия, тері аурулары, респираторлық проблемалар - бұл қауіпті қалдықтармен дұрыс жұмыс істемеудің жанама әсерлері.

Пестицидтерден контейнерлерді халықтың денсаулығына елеулі қауіп төндіретін басқа мақсаттарда қайта пайдалану мүмкіндігінің алдын алу үшін заң талаптарына сәйкес барлық ыдыстарды пайдаланылған пестицидтерден уақытылы шығаруды қамтамасыз ету қажет.

Пестицидтерді сатып алғанда, контейнерлерді жинауға, тасымалдауға және жоюға сатушы жаупап береді,сондай-ақ осы міндеттемелердің орындалуына келісімшарт жасауға кеңес береміз.

Заң талаптарын орындамау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар аудандық аумақтық инспекциясы» Мемлекеттік мекемесі.

 

Дата публикации
28 февраля 2024