Өткізу орны: Павлодар қ Өткізу күні
Каирбаев, 32 2023 жылғы 24.04.
Төраға: «Павлодар ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бөлімінің басшысы Ж.Ж. Рахимбердина
Қатысқандар: Павлодар ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі қызметкерлері
Күн тәртібі:
Баяндаушы: Л. Д. Темиркиева – шығыстарды бюджеттік жоспарлау және кірістерді болжау секторының бас маманы (бұдан әрі – маман)
Тыңдағандар:
2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жұмыс сараптамасы
Бөлім өз қызметін Павлодар ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 223/6 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүргізеді.
2022 жылы 92 қызмет көрсетілді, оның ішінде бюджеттік несие түріндегі әлеуметтік қолдау – 29 маман, жалпы сомасы 133 240,5 мың теңге және 63 маманға көтерме жәрдемақы төлеу, жалпы сомасы 19 402,2 мың теңге. 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері мен тәртібін бұзу фактілері тіркелген жоқ. Павлодар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бөліміне тоқсан сайын мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы есеп берілді.
Бөлімнің Instagram желісіндегі парақшасында халықты ақпараттандыру мақсатында заңнамалық актілерге және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар көрсетіледі, сонымен қатар сұранысқа ие мамандардың тізімі жыл сайын әкімнің ресми сайтында жарияланады.
Түсіндіру жұмыстары.
«Open Akimat» фронт-офис негізінде құрылған бөлім консультациялар беріледі және қызмет алушылар үшін қолайлы жағдай жасау жұмыстары жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету жұмысы бүгінгі күні тұрақты бақылауда алынды. Мемлекеттік қызметтер сапалы және уақытылы көрсетіледі. Қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша шағымдар түскен жоқ.
Ұсыныстар:
|
Павлодар ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы |
Ж.Рахимбердина
|
||
|
Бас маман |
Л.Темиркиева
|
|
|