Павлодар ауданында екі түрлі карантиндік арамшөп таралған. Олар – жатаған укекіре және арамсояу. Ең зиянды карантиндік арамшөп жатаған укекіре болғаны белгілі. Жатаған укекіре көпжылдық, атпатамырлы шөп, күрделі гүлдер тұқымдасына жатады. Қуатты тамыр жүйесі топырақта 10м.тереңдікке жетеді. Жатаған у кекіренің ерекшеліктері, ол қордағы қоректік зат- инулинді тамырдың топырақтағы төменгі қабатына жинақтауы және қоректік заттарын топырақ баптаушы техникамен егіндікті өңдегенде, жатаған тамырының кесілген жеріне жылдам жеткізуі арқылы өсіп жербетіне шығуы, фотосинтез құбылысы арқылы тамырланады.Сондықтан жатаған укекіре бар ошақты уақытында тұқымы басқа жерлерге тарамай тұрғанда жою жұмыстарын жүргізу қажет. Шөптермен тиімді күресу үшін, олардың негізгі биологиялық ерекшеліктерін білу керек.Күрес жатаған укекіренің тамыр жүйесінің өмір сүргіш қабілетін біртіндеп жоюдан басталады.Тамырдан шығатын улы заттар көптеген екпе дақылдарға зиянды әсерін тигізеді, олардың өсу энергиясын төмендетеді. Павлодар ауданы бойынша жатаған укекіре жол бойында кездеседі, залалдағаны - 450,ошақталғаны - 0,5078 га. Осы жер учаскелеріне Павлодар облысы әкімінің қаулысына сәйкес, карантиндік режим енгізілді.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар аудандық аумақтық инспекциясы» Мемлекеттікмекемесі.