Өткізу орны: Павлодар қ Каирбаева,32
Өткізу күні 15.02.2024 жыл
Төраға: «Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы С.Х. Жангазинов.
Қатысты: Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі қызметкерлері
Күн тәртібі:
Баяндаушы: К. Бейсекеев – бас маман мемлекеттік техникалық инспектор
Тыңдады:
2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жұмыстарына сараптама
Бөлім өз қызметін Павлодар ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 28 қыркүйекте бекітілген № 327/9 Ережеге сәйкес жүргізеді.
2022 жылы Бөліммен 1505 қызмет көрсетілді, соның ішінде электрондық түрде – 1476 (электрондық мем.қызмет үлесі – 98 %) мемлекеттік қызметтің 4 түрі бойынша (оның ішінде қағаз жүзінде – 1 түрі, электрондық форматта – 3 түрі)
2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімін және тәртібін бұзу болған жоқ.
Павлодар ауданының әкімі аппаратының мемлекеттік қызметке мониторинг жүргізу және жемқорлық қаупін сараптау бөліміне ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы есеп беріліп отырады.
Бөлімнің инстаграмм каналында тұрғындарға ақпарат беру мақсатында заңнамалық актілерге және мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына енгізілегн соңғы өзгерістер және қосымшалар жарияланады.
Түсіндіру жұмыстары.
Азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мерзімдері туралы ақпараттандырулығын, сонымен қатар «электрондық үкімет» веб-порталының танымалдығын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметті электрондық түрде алуды түсіндіру шаралары жүргізіледі.
Павлодар ауданының бөлімдер мамандарымен «Open Akimat» фронт-офис негізінде кеңестер беріледі және қызмет алушылар үшін қолайлы жағдай жасау жұмыстары жүргізіледі.
Сонымен қатар, pavlodar_audany инстаграмм каналында мем.қызмет көрсету мәселелері бойынша онлайн жәрмеңкелер өткізілді.
2023 жылы мемлекеттік қызметті электрондық форматта алудың танымалдығын арттыру мақсатында түсіндіру шаралары өткізілді (қамту - 80 адам).
Мемлекеттік қызмет көрсету бүгінгі күні үнемі бақылауға алынды. Мемлекеттік қызметтер сапалы және уақытылы көрсетіледі. Қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша шағымдар түскен жоқ.
Ұсыныстар:
|
«Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ бөлім басшысы |
С. Жангазинов
|
||
|
Бас маман - мемлекеттік техникалық инспектор
|
К.Бейсекеев
|
|
|