Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының № 3 сайлау округінің шекаралары туралы хабарламасы

2024 жылғы 31 наурызға Павлодар аудандық мәслихатының № 3 сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындауға байланысты және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 22-бабының 2-тармағына сәйкес, сайлаушыларды Павлодар ауданының аумағында құрылған № 3 сайлау округінің шекаралары туралы хабарлайды:

 № 3 сайлау округі

Аудандық сайлау комиссиясының орналасқан жері:  Новочерноярка а., Мира 1/1 көшесі, ғимарат «Черноярка жалпы орта білім беру мектебі» КММ.

Шекаралары: Черноярка ауылдық округінің аумағы.

Сайлау учаскелері: №№ 382, 383.

Дата публикации
06 февраля 2024