Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-1, 6-тармақтарына сәйкес Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 31 наурызға № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Павлодар аудандық мәслихаты депутатының сайлауын тағайындады.
Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 31 қаңтардан басталады.
|
Сайлау округінің нөмірі |
Қала / аудан атауы |
Округ орталығы (елді мекеннің атауы) |
Объектінің атауы округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері, округтік сайлау комиссиясының орналасқан мекенжайы, байланыс телефоны |
|
№ 3 |
Павлодар ауданы |
Новочерноярка ауылы |
«Павлодар ауданының Черноярка жалпы орта білім беру мектебі» Мира көшесі 1/1, тел.: 8(71845) 59410 |
Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы