2024 жылғы 31 наурызда Павлодар аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

1. Сайлау округінің тізімін, оның шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып,  тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей,

2024 жылғы 10 ақпаннан кешіктірмей

                                                                          (22-б. 2-т., 2-1-т.)

 

2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей,

2024 жылғы 10 ақпаннан кешіктірмей

(13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)

 

3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Павлодар ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде,

2024 жылғы 15 ақпаннан кешіктірмей

                                                                                      (23-б. 5-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей,

2024 жылғы 15 ақпаннан кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

 

 

 

5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну

 

 

Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партияның, өзге де қоғамдық бірлестіктің тиісті филиалының (өкілдігінің), жоғары басшы органы

2024 жылғы 31 қаңтарда басталады және 29 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады

(103-б.)

 

6. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-б., 103-б. 6-т.)

 

7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2024 жылғы 1 қаңтардағы (ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күні) жағдай бойынша  активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Тіркелгенге дейін

(104-б. 2-т.)

 

8. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

2024 жылғы 31 қаңтарда басталады және 5 наурызда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады

                                                                                       (104-б)

 

9. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

 (104-б. 5-т.)

 

10. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

                                                 (104-б. 6-1-т. 1-тт., 16-1 б. 6-тт.)

 

 

 

 

11. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

(16-1-б, 6)-тт., 31-б.)

12. Кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

                                                                               (104-б. 2-т.)

 

13. Кандидаттардың (жүгінген кезде) сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу

 

Округтік сайлау комиссиясы

Кандидат тіркелгеннен кейін 

                                                                               (34-б. 6-т.)

 

14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                              

 

Округтік сайлау комиссиясы

Айына екі рет

 Қағидалардың 23-т

 

15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

 

Жергілікті атқарушы органдар және Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін, 2024 жылғы 5 наурызға дейін

(28-б. 6-т.)

 

16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша 00.00 сағатта аяқталады

2024 жылғы 5 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 30 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00-де аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

17. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергілікті атқарушы органдар және Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                  

 

Павлодар ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын,

2024 жылғы 10 наурызда

 (26-1 б. 1-т.)

 

19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда,

2024 жылғы 15 наурыздан бастап

                                                                           (26-б. 1-т.)

 

 

20. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                          

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей,

2024 жылғы 20 наурызға дейін

   (18-б. 5) тт., 38-б. 2-т.)

 

21. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлауға дейінгі үш күннен ерте емес және бір күннен кешіктірмей,

2024 жылғы 28 наурыздан ерте емес және 30 наурызға дейін

(37-б. 3-т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау 

 

 

 

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2024 жылғы 31 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де  

 (40-б. 1-т.)

 

23. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, 2024 жылғы 31 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

 

24. Дауыстарды санау және сайлау учаскелерінде аудандық мәслихаттың депутатын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

2024 жылғы 31 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады және дауыстарды санау басталғаннан   12 сағаттан аспайды

 (18-б. 8) тт., 43-б.)

 

25. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалардың көшiрмесiн сайлау учаскелерінiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                                

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43-б. 8-т.)

 

26. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті округтік сайлау комиссияларына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

 

27. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

                                                                            (108-б. 1-т.)

 

28. Павлодар аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындыларын анықтау

 

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен кешіктірмей,

2024 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей                                                                    

(14-б. 9)-тт.,108-б.2-т.)

 

29. Павлодар аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей,

2024 жылғы 6 сәуірден кешіктірмей

 (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2)-тт.)

 

 

 

 

30. Павлодар аудандық мәслихатының шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайланған депутатты тіркеу және куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру                                          

 

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

(14-б. 9) тт., 46-б. 3-т., 1)-тт., 112-б. 1-т.)

 

31. Сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Павлодар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде

                                                                             (34-б. 4-т.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
31 января 2024